Зарина Диас Таиландтағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті

Зарина Диас Таиландтағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас ресейлік Мария Ткачевамен бірге жарыстың екінші нөмірлі қатысушылары грекиялық Сапфо Сакеллариди мен қытайлық Шуо Фэнді 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Sport+

Ақтық сынға жолдамаға таласта Диас пен Ткачева Үндістан-Гонконг дуэті Рутуя Бхосале / Юдис Чонгпен күш байқасады.

Екінші жартылай финалда: Чан Су Джон (Оңтүстік Корея) / Ушуан Чжен (Қытай) — Патчарин Чипчандедж / Пуннин Ковапитуктед (екеуі де — Таиланд).



Күн шежіресі