Жанқош Тұраров екі жыл үзілістен кейін рингке қайта оралды
 
                                            Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 KO) екі жылдық үзілістен кейін рингке оралып, Алматыда өткен кәсіби бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.
Жанқоштың қарсыласы филиппиндік Али Канега болды. Тұраров қарсыласын үш рет нокдаунға жібергенімен, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтай алмады.
Нәтижесінде жеңіс төрешілер шешімімен Жанқошқа берілді.
 
    