logo

Жанқош Әнаруды есірткіге тәуелді еткен: Әнарудың адвокаты Жанқош Тұраров жайлы айтты

Жанқош Әнаруды есірткіге тәуелді еткен: Әнарудың адвокаты Жанқош Тұраров жайлы айтты

Адвокаттың айтуынша тергеу барысында бірталай заңсыздыққа жол берілген, деп хабарлайды Sport +.

Құқық қорғаушылар әу бастан боксшыны жазадан құтқару үшін барын салған көрінеді.

«Жанқош Тұраровтың кінәсі дәлелденбепті-мыс, үкім шықты  деп, кей сайттар тағы шулап жатыр екен. Қайдағы үкім? Тергеу үкім шығармайды. Ондай өкілеттігі жоқ. Соңғы нүктені сот қояды! Істі бізге айтпай, заңсыз қысқартқанын екі күн бұрын, қоймай жүріп, білдік. Енді тергеу органы бізді сотқа шағымданбасын деп, қаулыны бермей отыр! Ол қаулыға шағымданатын құқығымыз бар! Қайта жаңғыртуға құқығымыз бар. Солай жасаймыз да. Тиісті органдардың бәріне шағымданамыз. Полиция істі заңсыз қысқартса, неге оны түпкілікті шешім деп ойлайды, кей кісілер? Ол шешімдеріне  шағым келтіру құқығы бар емес пе? Сот бар, прокуратура бар. Иә, Жанқош Тұраровтың «крышасы» туралы, тергеудегі өрескел заңсыздықтар туралы іс қозғалған сәтте жазған едік. Күдігіміз расталды», - дейді адвокат.

Сондай-ақ боксшының есірткі қолданатыны, Әнаруды да сол есірткіге тәуелді еткенін айтты.

«Ең сорақысы - осы уақытқа дейін айтылмай келе жатқан ақиқат - Тұраров өзі мефедрон қолданғанымен қоймай(оның есірткіге әуес екенін таныстары түгел біледі екен) Әнаруды да сол синтетикалық есірткіге тәуелді етіп қойған!  Бұл туралы  арыз бергенде де, беттестіру кезінде де, жауап алу кезінде де Әнару айтқан. Іс материалдарында ол деректер бар», - деді адвокат.