Жанкүйерлер алдында ақталуға талпыныс: «Фенербахче» – «Коньяспор» матчының тікелей эфирі

Жанкүйерлер алдында ақталуға талпыныс: «Фенербахче» – «Коньяспор» матчының тікелей эфирі

«Фенербахче» маусымды сәтті бастай алмады — бірінші турда Картал шәкірттері сырт алаңда «Генчлербирлиги» командасына 1:2 есебімен жол берді.

Ал кейін өз алаңында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында француздың «Лион» командасын жеңе алмады — 1:1.

«Канарейкалар» сапынан Талиска мен Гринвуд бір-бірден гол соқты.

Енді олар Ыстамбұлда бірінші турда өз алаңында «Ризеспордан» 0:1 есебімен жеңілген «Коньяспорды» қабылдайды.

Матч сағат 23:30–да басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі