Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі ресми түрде жарияланды
No Limit Boxing промоутерлік компаниясы чемпиондық жекпе-жек туралы ресми хабарлады. Әлемнің WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен IBF титулының үміткері Андрей Михайлович арасындағы кездесу 4 қазанда Австралияның Сидней қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жұдырықтасуы тиіс болған, алайда қазақстандық боксшының салмақ қуу кезіндегі қиындықтары салдарынан сусыздану болып, ауруханаға түскен еді.