Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды
Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста IBF бойынша міндетті үміткер, Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичке қарсы титулдарын қорғайтын болады.
«Орта салмақтың королі оралады», — делінген анонста.
Жәнібек Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді (22-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.