Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sport+.
«Менің ойымша, тек Канело менімен айқасуға батылдық таба алады. Канело, ақпанда жекпе-жек өткізейік. Менің салмағымдағы чемпиондар айқастан қорқады. Әлемге керемет бокс сыйлайық», — деп жазды Әлімханұлы Х (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың қазан айында өткізіп, тоғызыншы раундта Андрей Михайловичті техникалық нокаутпен жеңген болатын.