logo

Жәнібек Әлімханұлы дайындығы туралы айтты

Жәнібек Әлімханұлы дайындығы туралы айтты

Жеңіліс дәмін татпаған қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы қазіргі дайындығы жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) кездесуге қызу дайындық жүргізуде. Ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығудан суреттермен бөлісті.

«Спарринг жұмыстары қызу жүріп жатыр. Келесі айдың 13-не жекпе-жек бұйыртса. Екі бірдей Әлем чемпионы титулын қорғаймыз!» деді былғары қолғап шебері.

Жекпе жек Лас-Вегаста (АҚШ) 13 шілде түнде өтеді.