Өкінішке қарай, WTT W15 және M15 турнирлерінің алғашқы аптасындағы қазақстандық қаһармандар жарысты бірінші айналымда-ақ аяқтады.

Заңғар Нұрланұлы жарақатына байланысты турнирден бас тартса, Әмір Омарханов тартысты кездесуде үндістандық Маан Кешарваниден жеңілді.

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстанның соңғы үміті — Дамир Жалғасбай. Әлемнің үздік 30 жасөспірім теннисшісінің қатарына кіретін қазақстандық бүгін 1/8 финалдағы кездесуін өткізеді.

Сағат 10:00–де ол елорда кортында ресейлік Никита Янинге қарсы ойнайды.

Орталық корттағы барлық матчтар sportplustv.kz сайтында және Sport+ телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Орталық корттың матчтар кестесі:

Никита Янин — Дамир Жалғасбай
Анна Седышева — Суйон Ян
Әлібек Қачмазов — Маан Кешарвани