Заңғар Нұрланұлы Кореяда өткен беделді жасөспірімдер турнирінде жеңіске жетті

Заңғар Нұрланұлы — ITF Juniors әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған теннисші — Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Жарыста қазақстандық бірінші нөмірлі сеялқыш болды. Финалда ол кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңді. Турнир барысында Заңғар қарсыластарына бір де бір сетте жол бермеді.
Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлы үшін ITF Juniors бірлік разрядындағы алтыншы титул болды. Бұған дейін ол келесі турнирлерде топ жарып үлгерген:
J100 Aizkraukle турнирі;
J200 Shymkent турнирі;
J100 Izmir турнирі;
J30 Tsaghadzor турнирі;
J30 Trnava турнирі.
Келесі аптада Заңғар Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өтетін ITF Juniors J300 турнирінде өнер көрсетеді. Бұл турнир 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Азияның бейресми чемпионаты саналады.