Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирі туралы: Жарақат толық күшпен өнер көрсетуге мүмкіндік бермеді
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы өз әлеуметтік желілерінде тарихи Австралия ашық чемпионатынан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
17 жастағы қазақстандық теннис тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан спортшы атанды.
«Өкінішке қарай, бұл жолы жартылай финалда тоқтадым. Жарақат толық күшпен жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз, алда әлі көп дүние бар. Қолдау көрсетіп, сенім артқандардың барлығына рахмет. Шын жүректен алғыс білдіремін!»