logo

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Жасөспірімдер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы 8-орынға көтерілді.

Қазақстан теннисінің жас жұлдызы бұған дейін 9-сатыда тұрған еді. Осылайша Заңғар өзінің рекордтық көрсеткішін жаңартты.

Ересектер арасында ATP рейтингісінде 1 634-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Шымкент қаласында қос бірдей челленджер жарысында бақ сынап көрді. 

Қазақстандық теннисші енді жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турниріне тыңғылықты дайындалады.



Күн шежіресі