Зандер Заяс бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпион атанды (видео)

22 жастағы пуэрто-риколық Зандер Заяс 26 шілде күні Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте 28 жастағы мексикалық Хорхе Гарсияны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша вакантты чемпиондық белбеуді иеленді.
Жекпе-жек барысында Заяс үнемі басымдықта болды. Гарсия екінші жартысында жағдайды теңестіруге тырысқанымен, бұл жеткіліксіз болды — нәтижесінде Заяс 116-112, 118-110, 119-109 есебімен жеңіске жетті.
Сол бокс кешіндегі тағы бір жекпе-жекте 28 жастағы америкалық Брюс Кэррингтон жартылай жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеуді иеленді. Ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Матеус Хейтуды жеңді.