logo

Жаңарған «Тұран» мен күшейтілген «Ақтөбе». «Тұран» – «Ақтөбе» матчының тікелей эфир

Жаңарған «Тұран» мен күшейтілген «Ақтөбе». «Тұран» – «Ақтөбе» матчының тікелей эфир

Қазақстанда трансферлік терезе ашылғаннан кейін «Тұран» клубы құрамын да, бапкерлік штабын да толықтай дерлік жаңартуға шешім қабылдады.

Команданы Виталий Жуковский мен негізгі құрамдағы ойыншылар түгелдей дерлік тастап кетті. Енді ұжымды Абдухалық Бурибаев жаттықтырады. Ол қысқа мерзім ішінде жас әрі болашағы бар ойыншылардан команда жасап, оны жоғарғы лигада сақтап қалуға тиіс.

Ал «Ақтөбе» болса, әлсіз тұстарын күшейтті — ортаңғы алаңға Георгий Жуков пен Никита Корзун қосылды, ал шабуыл шебін Артур Шушеначев толықтырды. Сонымен қатар Идрис Умаевтың дисквалификациясы аяқталып, шабуылшы енді алаңға орала алады.

«Туранмен» өтетін матчта жаңа ойыншыларды көре аламыз ба, әлде Левчук сенімді ойыншыларына арқа сүйей ме — бұл 29 маусым күні сағат 18:00–де белгілі болады.

Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі Sportplus\_qaz арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі