«Жас Головкин» кәсіпқойлар арасындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді (видео)

Көпшілік кәсіби жекпе-жектерін Германияда өткізген қазақстандық боксшы Виктор Темиров «Ali Akhmedov Promotions» турнирінде Алматы қаласында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.
Темиров үндістандық қарсылас Сантош Баралиді төрешілер шешімімен жеңді.
Қазақстандықтың жаңа рекорды — 9-0, 6 KO.
Айта кетейік, Виктор Темиров кәсіпқой рингте «Қасапшы» лақап атымен танымал. Дегенмен, Германиядағы жанкүйерлер оны кәсіби мансабын дәл осы елде бастаған атақты отандасы Геннадий Головкинмен жиі салыстырады.