logo

Жәмиля Бақбергенова: Бапкерлерім жеңісіме толық сенді

Жәмиля Бақбергенова: Бапкерлерім жеңісіме толық сенді

Албаниядағы әлем чемпионатында өз мансабындағы төртінші жүлдесін иеленген Жәмиля Бақбергенова ақтық белдесудегі жеңілісінің себебін айтты, деп хабарлайды Sport+.

«Бір ғана қате жібердім — аяғым қалып қалды. Негізі есеп бойынша алда болдым, бірақ қарсыласты қайта тартқан кезде аяғым астында қалып қойды. Осы жағдайға уақыт көп кетті. Салмақ дәрежесіне қатысты нақты шешімім жоқ. Олимпиадалық салмаққа ауысу немесе осы салмақта қалуды алдағы уақытта көре жатамыз. Албаниядағы әлем чемпионатын алтын жүлдемен қорытындылағым келді. Бапкерлер де маған толықтай сенді. Өкінішке қарай, төртінші жыл қатарынан алтынды мақсат етіп, бірақ басқа жүлдемен елге ораламын», — деді Жәмиля. 



Күн шежіресі