Жалғасбай мен Нұрланұлы Астанадағы M15 турниріндегі жарысты бастайды

Жалғасбай мен Нұрланұлы Астанадағы M15 турниріндегі жарысты бастайды

Астанада World Tennis Tour M15 және W15 турнирлерінің екінші аптасы басталды.

Екінші турнир аясында өткен аптаның жартылай финалистері Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай алғашқы матчтарын өткізеді.

Дамир жекелей сында ресейлік Григорий Щебекинмен кездессе, Заңғар Даниель Тазабековпен жұптасып, Святослав Лутковский/Евгений Филиппов дуэтіне қарсы ойнайды.

Орталық корттағы матчтар кестесі:

Шираг Духан — Ілияс Маратұлы

Володимир Якубенко — Сергей Петров

Святослав Лутковский/Евгений Филиппов — Заңғар Нұрланұлы/Даниель Тазабеков

Григорий Щебекин — Дамир Жалғасбай

Барлық төрт матчты Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.



Күн шежіресі