logo

Жалғас Жұмағұлов: OKTAGON - бұл кішігірім UFC

Жалғас Жұмағұлов: OKTAGON - бұл кішігірім UFC

Қазақстандық жауынгер Жалғас Жұмағұлов «Вестник ММА» жобасына берген сұхбатында OKTAGON промоушеніндегі шарттардың кейбір мәліметтерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.

«Шынымды айтсам, OKTAGON - бұл кішігірім UFC. Айырмашылығы жоқ. Алғашқы жекпе-жектен бастап толық зал болды, мен қатты таң қалдым. Шарттар ұқсас, негізінен UFC-ден еш айырмашылығы жоқ. Олардың Pitbull киімдері ғана жақсы бренд, оны бәрі біледі. Мен үшін бөлек бөлме берілді. Маған ұнады, бәрі керемет болды», — деді Жалғас.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Жалғас Жұмағұлов Братиславада (Словакия) өткен OKTAGON лигасында дебют жасап, Уэльс өкілі Аарон Эбиді жеңді.



Күн шежіресі