logo

Жалғас Жұмағұлов Мақсұм-Джонсон жекпе-жегі туралы: Азат өзінің күшін үш раундқа есептеу қажет

Жалғас Жұмағұлов Мақсұм-Джонсон жекпе-жегі туралы: Азат өзінің күшін үш раундқа есептеу қажет

Белгілі қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Sport Plus Qazaqstan сайтына 4 ақпан күні UFC Fight night 235 аясында өтетін Азат Мақсұм  мен өзінің бұрынғы қарсыласы Чарльз Джонсон арасындағы жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді.

- Джонсонның басты артықшылығы - ол жақсы дем алады. Оның басқа ештеңесі жоқ. Соққыларында күш жоқ, тейкдаун өткізіп жібереді, бірақ орнынан тез тұрады. Азат өзінің күшін үш раундқа есептеу қажет. Ол Тайсон Нэммен төбелескен кезде қатты шаршады, үшінші раундта күш жоғалта бастады. Үйде төбелескенде жауынгердің қалпына келуіне көп уақыт бар. Лас-Вегаста таңертең салмақ өлшеу және таңертең жекпе-жек. Қалыпқа келуге уақыт аз, сондықтан әрқашан үшінші раундта шаршап қаласың. Мен мұны бес рет бастан өткердім. Азаттың соққысы жақсы, әсіресе оң қолы жойқын, ал Джонсон соққыларды өткізіп алады. Азаттың бойы да жақсы соққы жасауға мүмкіндік береді. Менің ойымша, Азат қарсыласты тапап өтуі тиіс, - деді Жұмағұлов.

Айта кететіні, Жалғас Жұмағұлов 2022 жылдың қараша айында Чарльз Джонсоннан даулы төрешілік шешімімен жеңіліп қалды. Үш төрешінің екеуі Жұмағұловтың белсенділігіне және қарсыласының ережелерді бірнеше рет бұзғанына қарамастан американдыққа жеңіс сыйлады.