logo

Зайнутдинов ұлттық құрама ойындарын өткізіп алуы мүмкін

Зайнутдинов ұлттық құрама ойындарын өткізіп алуы мүмкін

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының Әзірбайжан және Армениямен ойындарын өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Зайнутдинов сәуір айында жарақаттанып, мамырда ғана қатарға қосылды. Ол өз клубының бірнеше матчына қатыса алмады. 

Бапкерлік кеңес құрама тарихындағы үздік бомбардирге демалыс беруді ойластыруда. Команда 2 маусымда Алматыда қысқамерзімді жаттығу жиынына кіріседі.

Армения және Әзірбайжанмен жолдастық кездесулер 7 және 11 маусым күндерге жоспарланған. Екінші матч бейтарап алаңда — Венгрияда өтеді.



Күн шежіресі