Зайнутдинов «Бешікташқа» Түркия кубогында ірі есеппен жеңіске жетуге көмектесті
Ыстамбұлдың «Бешікташы» Түркия кубогының 1/16 финалында «Эйупспорды» (D2) ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу 4:0 есебімен ыстамбұлдық команданың жеңісімен аяқталды. 16-минутта Салих Уджан матчта есеп ашса, 36-минутта Дженк Тосун пенальтиді орындап, 67-минутта командасының үшінші голын соқты.
Кездесудің нүктесін 87-минутта Анте Ребич қойды. «Бешикташтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, бүкіл матчты орталық қорғаушы ретінде өткізді.