Жайна Шекербекова Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

54 келі салмақтағы Қазақстан өкілі Жайна Шекербекова қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты 1/8 финалға жекпе-жексіз өтті. Осылайша, Сербияда өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегі мексикалық Хил Ариаднаға қарсы шықты, деп хабарлайды Sport+.
Шекербекова төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына шықты.