logo

WTA Рыбакинаның қорытынды турнирге қатысатынын ресми жариялады

WTA Рыбакинаның қорытынды турнирге қатысатынын ресми жариялады

WTA-ның баспасөз қызметі қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның 2024 жылы Эр-Риядта өтетін WTA қорытынды турниріне қатысуын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Турнир 2-9 қараша аралығында өтеді.

«Елена Рыбакина екінші жыл қатарынан чемпиондық жарыста мәреге жетіп, ресми түрде қорытынды турнирге жолдама алды. Оның мінезі суықтай қатал. Қараша айында Рыбакинаның «салқынқандылығына» дайын болыңыздар!» – деп мәлімдеді WTA.

Айта кетейік, бұл қазақстандық теннисшінің US Open – 2024 турнирінен кейінгі алғашқы жарысқа қатысуы болмақ.