World Esports Championship 2027 Қазақстанда өтеді
Қазақстан Киберспорт федерациясы Қазақстанның World Esports Championship 2027 әлем чемпионатын қабылдайтын ел болып таңдалғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+.
Ал дүбірлі дода Астана қаласында өтеді!
Бұл — еліміздегі киберспорттың дамуы үшін маңызды оқиға әрі әлемнің ең мықты ұлттық құрамаларын қазақ жерінде қарсы алу үлкен мәртебе.
Чемпионаттың нақты өтетін күндері, іріктеу кезеңдері, квоталар және турнир регламентіне қатысты ақпарат белгіленген мерзімде жарияланады.