Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының тізімі
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар штабы Азия чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрлық біріншілігі 21-30 тамыз аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді.
Қазақстан намысын турнирде мына волейболшылар қорғайды:
— Мадина Бекет
— Маргарита Бельченко
— Кристина Белова
— Юлия Фоменко
— Раяна Дүйсенбаева
— Ирина Кузнецова
— Айгүл Мулькибаева
— Татьяна Никитина
— Перизат Нұрбергенова
— Жанна Сыроешкина
— Полина Уфимцева
— Мария Сырыгина
— Валерия Настенко
— Бота Уатаева
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы жолын В тобында бастайды. Бұл топта ұлттық құрама Таиланд, Индонезия және Аустралия құрамаларымен кездеседі.