logo

Владимир Путин халықаралық жиында алжирлік боксшы Иман Хелифтің жынысын сөз етті

Владимир Путин халықаралық жиында алжирлік боксшы Иман Хелифтің жынысын сөз етті

Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» халықаралық пікірсайыс клубының кезекті отырысына қатысып, бокс тақырыбына тоқталып өтті, деп хабарлайды Sport +.

Атап айтқанда, алжирлік боксшы Иман Хелифтің жынысы жайында айтты.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында қыздар боксынан чемпион атанған Хелифтің басы даудан әліге дейін арылар емес. Кейбір сарапшылар оның биологиялық еркек екенін айтса, боксшының өзі мен ата-анасы қыз екенін дәлелдеп әлек.

«Егер ол расымен де әйел болса, онда мен оған денсаулық және спорттық жетістіктер тілеймін. Мен жалпы, ер адамның өзін әйел деп атап, әйелдермен жарысқа түсуіне қарсымын. Кейбір сарапшылар жыныс мүшесі ешқандай маңызға ие емес деп жатады. Яғни, еркек өзін әйел деп жариялайды екен де, жарыстарға қатыса береді екен. Дәл бұлай кез келген жетістікке жетуге болады ғой», - дейді Ресей президенті.