Виктория Графеева бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін боксшы Виктория Графеева Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.
Финалда Графеева бразилиялық Ребека Де Лима Сантосқа қарсы шаршы алаңға шықты.
Жекпе-жек тартысты өтті. Кездесудің соңында Виктория қарсыласын нокдаунға түсіріп, алтын медальді жеңіп алды.