logo

Венесуэла құрамасы ӘЧ жолдамасы үшін күресті жалғастыруда. Аргентина – Венесуэла матчының тікелей эфирі

Венесуэла құрамасы ӘЧ жолдамасы үшін күресті жалғастыруда. Аргентина – Венесуэла матчының тікелей эфирі

Футболдан Аргентина құрамасы өздерінің фаворит ретіндегі мәртебесін ақтап, әлем чемпионатына жолдаманы алдын ала жеңіп алды.

Ал Венесуэла керісінше, АҚШ, Канада және Мексикада өтетін Мундиальға қатысу мүмкіндігін беретін алтыншы орын үшін күресіп жатыр.

Ол үшін Фернандо Батиста баптайтын команда Буэнос-Айрестегі «Ривер Плейт» стадионында Аргентинаны жеңуі керек.

Айта кету керек, осы іріктеу кезеңінде аргентиналықтар өз алаңында тек бір мәрте ғана жеңіліс тапқан.

Венесуэла әлем чемпионатына жолдама алу үшін күреске қосыла ала ма? Мұны 4 қыркүйектен 5-іне қараған түні, сағат 04:30-да білетін боламыз.

Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді.



Күн шежіресі