Үстел теннисінен жастар арасындағы чемпионаттың финалистері анықталды
Қарағандыдағы Saryarka үстел теннисі орталығында өтіп жатқан Қазақстан жастар чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның аясында жекелей сында финалистер мен қола медальге үміткерлер анықталды.
Жігіттер арасында бірінші орын үшін Искандер Харки (Жамбыл облысы), Сагантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы) ойнайды. Үшінші орын үшін Санжар Жубанов (Алматы), Абдулла Мамай (Алматы), Тимофей Герасименко (Астана), Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар) арасында талас болады.
Қыздар арасында финалда Анель Бахыт (Алматы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы) ойнайды. Чемпионаттың қола жүлдегерлері болу мүмкіндігін Жанерке Қошқұмбаева (Қарағанды), Гүзел Торшаева (Алматы), Меруерт Тажимова (Павлодар), Арай Ашкеева (Қарағанды) сақтап қалды.