logo

Үстел теннисі Суперлигасының финалистері анықталды: шешуші ойындардың тікелей эфирі

Үстел теннисі Суперлигасының финалистері анықталды: шешуші ойындардың тікелей эфирі

Қарағанды қаласындағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында Суперлига аясындағы Қазақстанның ашық командалық чемпионатының шешуші IV туры жалғасуда.

Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша 2025 жылғы маусымның алтын, күміс және қола жүлделерін сарапқа салатын клубтардың финалдық алтылығы анықталды:

«Қарағанды-1», «Altay Pro» (Өскемен), УГМК (Свердлов облысы, Ресей), СШВСМ (Алматы), «Хван Ман Гым» (Ташкент облысы, Өзбекстан) және «Шымкент».

Финалдық алтылықтың шешуші матчтары 28 желтоқсанда сағат 10:00–де басталады.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.



Күн шежіресі