logo

Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Қатардағы WTT Star Contender турниріндегі өнерін аяқтады

Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Қатардағы WTT Star Contender турниріндегі өнерін аяқтады

Үстел теннисінен Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан WTT Star Contender Doha халықаралық турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының теннисшілері Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетті. Олар іріктеу кезеңінде ойнап, жарыстың негізгі кезеңіне өте алмады.

Қазақстандық спортшылардың көрсеткен нәтижесі:

Жекелей сайыс:

Ескендір Харки — Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) — 2:3

Сарвиноз Миркадирова — Марьям Али (Қатар) — 3:0

Сарвиноз Миркадирова — Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) — 0:3

Әйелдер арасындағы жұптық сайыс:

Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) — Маника Батра / Дия Читале (Үндістан) — 0:3

Аралас жұптық сайыс:

Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова — Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай) — 0:3



Күн шежіресі