Үстел теннисі: Қарағандыда Суперлигадағы Қазақстанның ашық командалық чемпионатының қорытынды туры өтеді
26-28 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында Суперлига аясындағы Қазақстанның ашық командалық чемпионатының қорытынды IV турының матчтары өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыс Saryarka үстел теннисі орталығында ұйымдастырылады.
12 клубтың ішінде алтын медальға басты үміткерлер қатарында Altay Pro (Өскемен) және «Қарағанды-1» УГМК (Свердлов облысы, Ресей) командалары бар.