Үстел теннисі: Кирилл Герасименко United States Smash турнирін жеңіспен бастады

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Қазақстандық Кирилл Герасименко жарысты Бельгия өкілі Мартин Аллегроға қарсы матчтан бастады.
Кездесу 3:1 есебімен Герасименконың пайдасына аяқталды.
Екінші айналымда қазақстандық спортшы Хо Кван Кит (Гонконг) пен Маркос Мадрид (Мексика) арасындағы кездесудің жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.