logo

Үш қазақстандық теннисші WTT Contender Almaty жарысының келесі айналымына өтті

Үш қазақстандық теннисші WTT Contender Almaty жарысының келесі айналымына өтті

Алматыда үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды Sport+. 

Қатысушылар жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады. Қазақстан құрамасынан үшінші кезеңге Абдулла Мамай (Алматы), Владислав Захаров (Қарағанды) және Ескендір Харки (Жамбыл облысы) шықты.

Отандастарымыз 3 қыркүйекте негізгі жарыс кестесіне шығу үшін күреседі. Қазақстандықтардың қарсыласы төмендегідей:

Абдулла Мамай - Флориан Буррассо (Франция)

Владислав Захаров - Юань Лицен (Қытай)

Ескендір Харки - Лев Кацман (Ресей)



Күн шежіресі