Үш қазақстандық теннисші US Open-2025 іріктеу кезеңінде сүрінді

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP рейтингінде 239-орын) US Open-2025 квалификациясының жартылай финалында бақ сынады, деп хабарлайды Sport+.
Француз Юго Бланшемен (184-орын) өткен кездесуде қазақстандық спортшы екі сет қорытындысы бойынша жеңіліс тапты — 3:6, 4:6. Ойын 1 сағат 31 минутқа созылды.
Бұған дейін осы кезеңде Бейбіт Жұқаев (192-орын) пен Михаил Кукушкин (236-орын) да жарыс жолын аяқтаған болатын.
Осылайша, ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның намысын негізгі сеткада Александр Бублик (24-орын) пен Александр Шевченко (89-орын) қорғайды.
Ерлердің жекелей турнирі 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтеді. Жеңімпаз 5 000 000 АҚШ долларын және рейтингте 2000 ұпай иеленеді. Қазіргі чемпион — италиялық Янник Синнер.