logo

Үш қазақстандық боксшы Олимпиада лицензиясына таласады

Үш қазақстандық боксшы Олимпиада лицензиясына таласады

Бангкокта өтіп жатқан бокстан Екінші әлемдік лицензиялық турнирдің соңғы күні қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

2 маусым күні үш қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын шешуші жекпе жектер өткізеді. 75 келі салмақ дәрежесінде Валентина Хальзова колумбиялық Ширлейдиз Орозкомен түскі 12:00де кездеседі. Ал, кешкі сессияда тағы екі маңызды жекпе жек күтіп тұр. 50 келіде Назым Қызайбай солтүстік кореялық Канг Су Хуангпен лицензияны сарапқа салады. Бұл кездесу 16:30ға жоспарланған. Ерлер арасында 63.5 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жолдама үшін таласта молдовалық Александру Парасчивпен күш байқасады. Қазақстан уақытымен 17:30да.
 
Айта кетейік, Таиланд астанасындағы іріктеу турнирі бокстан Париж Олимпиадасына лицензия берілетін соңғы жарыс. Осы уақытқа дейін аталмыш турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының үш өкілі жеңіліс тапты.



Күн шежіресі