Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

28 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыс аясында төрт спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.
Жүзу сайыстары 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Осы кезеңде суға секіруден командалар да өнер көрсетеді.
Су добынан матчтар 4-11 қазан аралығында ұйымдастырылады. Ал әртістік жүзуден жарыстар 4-7 қазан аралығында өтеді.