logo

Ұлжан Сәрсенбек АҚШ боксшысынан жеңіліп қалды

Ұлжан Сәрсенбек АҚШ боксшысынан жеңіліп қалды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 28 мамырда Ұлжан Сәрсенбек (54 келі) жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық боксшы АҚШ спортшысы Шэра Мэй Патрициомен шаршы алаңға шыққан еді. Қарсыласы – АҚШ-тың 11 дүркін чемпионы атанған тәжірибелі боксшы.

Жекпе-жек барысында қос қарсылас тартысты бәсеке өткізді. Бір-біріне соққы жұмсап, ұпай қорын молайтуға тырысты. Төрешілер шешімімен жеңіс америкалық боксшыға берілді.

Ұлжан Сәрсенбек – Түркістан облысы тумасы, 22 жаста, жастар арасында әлем және Азия чемпионы.



Күн шежіресі