Ұлттық құраманың 5 бірдей боксшысы финалдан бас тартты
Халықаралық «Elorda Cup» турнирнирінде Қазақстан құрамасының бес бірдей боксшысы ақтық сыңнан бас тартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Олардың қатарында Сакен Бибосынов(51кг) Махмұд Сабырхан (57кг), Асланбек Шымбергенов(71кг), Айбек Оралбай(92+) және аса ауыр салмақтағы команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та бар.
Оның себебін ұлттық құрама бапкері Мырзағали Айтжанов споршыларымыздың Париж олимпиадасына дейін тынығып, жарақаттан аман болуына байланысты деп түсіндірді.
Естеріңізге сала кететін болсақ, осы бес спортшымыз Италияда өткен лицензиялық турнирде Париж олимпиадасына жолдама алған болатын. «Elorda Cup» турнирі осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа 11 мемлекеттен 170 былғары қолғап шебері қатысты.