Ұлттық құрамаға шақырылған футболшы ауыр жарақат алды
Талдықорғандық «Жетісу» командасының қорғаушысы Әділхан Добай шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойында жарақат алып, матчты аяқтай алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ұзақ консультациялардан кейін шетелдік дәрігерлер футболшыға крест тәрізді байламдардың жарақаттану диагнозын қойды. Футболшы Германияда ота жасап, 6 айдан 8 айға дейін созылатын ұзақ мерзімді қалпына келтіруді процессі күтуде.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы маусымда 22 жастағы Әділхан чемпионат аясында «Жетісу» 8 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас беруімен ерекшеленді. Футболшы алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына Армения мен Әзірбайжан құрамаларына қарсы жолдастық матчтарға шақырту алған еді.
Өткен маусымда Добай «Мақтааралдың» намысын қорғап, оған дейін «Ордабасыда» өнер көрсетті.
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының сапында 7 матч өткізді.