logo

Украиналық клубта қаралымда болған қазақстандық футболшы «Каспий» сапында

Украиналық клубта қаралымда болған қазақстандық футболшы «Каспий» сапында

23-жасар жартылай қорғаушы Дамир Марат «Каспий» құрамында Бірінші лига маусымының басталуына дайындалуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойыншының ақтаулықтармен толыққанды келісімшартқа қол қойғаны немесе қаралымда жүргені әлі белгісіз.

Қыста Дамир украиналық ЛНЗ клубында қаралымда болып, бақылау матчында голмен көзге түсті.

Марат өткен екі маусымды «Ақсу» сапында өткізді. Аталмыш клуб сапында 50 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.