logo

Үйленетін қыз іздеп жүрмін: Нұрбек Оралбай жеке өмірі туралы айтты

Үйленетін қыз іздеп жүрмін: Нұрбек Оралбай жеке өмірі туралы айтты

Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай тележүргізуші Динара Сәтжанның бағдарламасында қонақта болып, жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sport +.

Айта кетейік, Нұрбектің сыңары Айбек үйленіп, отау құрған. Ал, егіздердің кішісі сүйіктісін әлі жолықтырмапты.

«Жүрегім бос. Әлі ұнайтын қызды жолықтырған жоқпын. Айбек үйленген соң біз Олимпиадаға дайындыққа кірістік, себебі басты мақсат – Олимпиадаға қатысу болды. Медаль алу үшін тынымсыз жаттығу жасадық. Қазір қыз іздеп жүрмін, өйткені бұған дейін уақыт болған жоқ», - деді Нұрбек Оралбай.

Париж олимпиадасында 80 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижняктан жеңілді. 24 жастағы боксшы Қазақстанның ерлер құрамасынан жүлде алған жалғыз боксшы болды.



Күн шежіресі