logo

UFC промоушенінің файтері Азат Мақсұмның қарсыласы әлеуметтік желіде сес көрсетті

UFC промоушенінің файтері Азат Мақсұмның қарсыласы әлеуметтік желіде сес көрсетті

Азат Мақсұм мен Джонсон Лас-Вегаста өтетін UFС Fight Night 235 кешінде жұдырықтасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық файтер үшін бұл аталмыш промоушендегі екінші кездесу болғалы тұр.

Чарльз Джонсон әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жекпе-жекке дайындығы туралы да сөз қозғады.

3 ақпанда мықты жекпе-жек көрсетемін. Бұл менің мүлде жеңілмеген үшінші қарсыласым, мен өзімді көрсетуге дайынмын. Бар ойым тек жеңіске жету. Біз Броди екеуміз 15-астам спарринг өткіздік. Өзімді ең күшті және қауіпті қарсылас ретінде сезініп тұрмын. Кеттік!, – деп жазды Джонсон.

Аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Азат Мақсұм UFC промоушенінде 2023 жылдың 15 маусымында дебют жасап, қарсыласы Тайсон Нэмды төрешілердің шешімімен жеңген еді.



Күн шежіресі