UFC-дің бұрынғы чемпионы Ренан Баррао Оспановпен болатын жекпе-жек туралы: Мен күн сайын жаттығамын, мен дайынмын

UFC-дің бұрынғы чемпионы Ренан Баррао Қазақстандық Арман Оспановпен грэпплинг ережелері бойынша өтетін жекпе-жекке қатысты ойымен бөлісті. Кездесу 27 мамырда Астанада өтетін Alash Pride турнирінде өтеді, деп хабарлайды Sport+.
«Мен Арманның жекпе-жектерін ешқашан көрген емеспін, бірақ мен үшін бұл мәселе емес — мен күн сайын жаттығамын, жекпе-жекке дайынмын. Жеңіске жететініме сенімдімін», — деді Ренан.
Жекпе-жек пен бүкіл турнирді Sport+ арнасы тікелей эфирде көрсетеді.