UFC-дегі алғашқы қазақстандық Мария Агапова кәсіпқой бокста алғашқы жеңілісіне ұшырады
Қазақстандық файтер Мария Агапова (0-1-1) кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport+.
UFC-дегі алғашқы қазақстандық спортшы АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы америкалық Стейша Саттлз (2-0, 1 КО) болды. Жартылай орта салмақтағы төрт раундтық жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, Агапова төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліс тапты.
Осылайша, Мария Агапова кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісін тіркеді. Бұған дейін, 27 қыркүйекте Павлодар тумасы неміс спортшысы Николь Шеферге (3-0-2, 3 КО) қарсы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, ол тең нәтижемен аяқталған болатын.