УЕФА ПСЖ-ге қарсы санкция қолданбақ
УЕФА «Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге қарызы үшін ПСЖ-ге қарсы санкциялар қолданады, деп хабарлайды Sport+.
L’Equipe мәліметінше, Килиан Мбаппе мен ПСЖ қарыз мәселесі бойынша келісімге келе алмаған.
Ойыншы клубтан жалақысы мен бонусы үшін тиесілі 55 миллион еуроны төлеуді талап етуде, бірақ париждік клуб бұл талапты орындаудан бас тартып отыр. ПСЖ бұл жағдайды «джентльмендік келісіммен» түсіндіреді, оған сәйкес, егер Мбаппе еркін агент ретінде командадан кетсе, клуб қаржылық шығындарға ұшырамауы керек.
Сонымен қатар, маңызды мерзім жақындап келеді: 15 қаңтарға дейін ПСЖ УЕФА-ға қызметкерлер алдындағы қарыздың жоқтығын және қаржылық міндеттемелерді орындағанын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.