УЕФА президенті Александер Чеферин ресми сапармен Қазақстанға келді

24 сәуір күні Астанаға ресми сапармен УЕФА президенті Александер Чеферин келді, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) сілтеме жасап.
Сапар аясында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) кеңсесіне бару жоспарланған. Сапар барысында Чеферин федерацияның қызметімен, инфрақұрылымдық нысандарымен танысып, ҚФФ президенті Марат Омаровпен бірқатар маңызды мәселелерді талқылайды.
Александер Чефериннің бұл сапары УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастықтың жоғары қарқынын көрсетіп, серіктестік қатынастардың нығаюына ықпал етеді.