logo

Түркия чемпионаты: «Трабзонспор» «Фатих Карагюмрюк» командасын жеңді (видео)

Түркия чемпионаты: «Трабзонспор» «Фатих Карагюмрюк» командасын жеңді (видео)

Түркия чемпионатының 24-туры аясында «Трабзонспор» өз алаңында «Фатих Карагюмрюк» клубын 3:1 есебімен жеңді.

Алаң иелері есепті 20-минутта ашты — Пол Онуачу мергендік танытты (1:0). Алайда қонақтар көп ұзамай таразы басын теңестірді: 28-минутта Верде есепті 1:1-ге жеткізді.

Матч тағдыры үзілістен кейін шешілді. 47-минутта Нваиву «Трабзонспорды» қайта алға шығарса, 50-минутта дубль авторы атанып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі — 3:1.



Күн шежіресі