logo

Турдың орталық матчы. «Самсунспор» — «Галатасарай» матчының тікелей эфирі

Турдың орталық матчы. «Самсунспор» — «Галатасарай» матчының тікелей эфирі

Түркия Суперлиганың 31-тур аясындаүшінші командасы «Самсунспор» мен турнир кестесінің көшбасшысы «Галатасарай» кездеседі.

Алайда, алаң иелері соңғы уақытта нәтиже жағынан әлсіреп кетті – соңғы алты ойынның тек біреуінде ғана жеңіске жетті, ол да турнирдің басты аутсайдері «Адана» командасына қарсы болды. Осындай қарқынмен олар ТОП-3 қатарынан шығып қалу қаупінде тұр, ал бұл орынға кіруге «Бешікташ» аса ынталы.

«Галатасарай» өткен турда маусымдағы алғашқы жеңілісін «Бешікташқа» қарсы матчта тапты. Соған қарамастан, Бурук шәкірттері турнир кестесінің басында тұр, әрі оларда «Фенербахчеден» әлі де артықшылық бар.

Бірінші айналымда «Галатасарай» «Самсунспорды» 3:2 есебімен жеңген болатын. Жаңа кездесу 11 сәуір күні, 22:00-де өтеді.

Матчты Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.