logo

«Тұран» жаңа бас бапкерін жариялады

«Тұран» жаңа бас бапкерін жариялады

Виталий Жуковский «Тұран» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виталий Леонидович бас бапкерлік мансабын 2010 жылы «Ислочь» клубында бастады.

2020 жылы ол «Ислочь» командасынан кетіп, Беларусьтің БАТЭ клубын басқарды, бұл командамен ел чемпионы және Кубок иегері атанды.

2022 жылы «Атырау» командасын қабылдап, Қазақстан Кубогының финалына дейін жетті.

Қазақстандағы маусым 22 ақпанда ел чемпионы «Қайрат» пен Кубок иегері «Ақтөбе» арасында өтетін Суперкубок матчпен басталады.



Күн шежіресі